Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жеке тұрғын үй құрылысы туралы
4-бап. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртiбi



Ст. 4 Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213



Жеке тұрғын үйлер құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер және басқа заңдарымен реттеледi.

Жеке тұрғын үй құрылысына бөлу үшiн босалқы сақталатын жер учаскелерiнiң мөлшерi, сондай-ақ елдi мекенде оларды игеру кезектiлiгi тиiстi қала құрылысы құжаттамаларының негiзiнде белгiленедi және оларды қолда бар жер ресурстары мен аумақты әлеуметтiк-экономикалық жағынан кешендi дамыту мүдделерiн негiзге ала отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы реттейдi.

Жеке құрылыс салушы жер учаскесiн алу үшiн жер учаскелерiн беруге құқығы бар тиiстi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш бередi.

Өтiнiштi қабылдау кезiнде азаматтан бекiтiлген тiзбеде көзделген құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

Жеке тұрғын үйлер құрылысына арналған жер учаскелерiнiң болуы туралы ақпаратты жасырғаны, оны бұрмалағаны, жер учаскелерiн беруден негiзсiз бас тартқаны үшiн атқарушы органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн әкiмшiлiк және өзгеше жауапты болады.

Ескерту. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР 1997.07.14 N 158, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213