Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жеке тұрғын үй құрылысы туралы

Жеке тұрғын үй құрылысы туралы
5-бап. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiн берудiң жариялылығы



Ст. 5 Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213



Әрбiр азамат республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан осы елдi мекенде (жерде) жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерiнiң болуы, олардың көлемi туралы, сондай-ақ бөлiнетiн аумақты пайдаланғаны үшiн жер салығының белгiленген ставкалары мен басқа да төлемдер туралы ақпарат алуға құқылы.

Аталған ақпарат көпшiлiктiң көруi үшiн бағалау көрсеткiштерiмен бiрге жеке тұрғын үй салуға арналған аумақтың карталары (схемалары) түрiнде iлiнiп қойылады немесе шолу бюллетендерi түрiнде жарияланады.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213