Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жеке тұрғын үй құрылысы туралы
8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың жеке тұрғын үй құрылысы жағдайындағы құқықтары мен мiндеттерi

Жеке тұрғын үй құрылысын салу ережелерiне сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:

бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес анықталған аумақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн белгiленген тәртiппен берудi;

жеке тұрғын үйлер салынатын аумақта әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн салып, пайдалануды;

құрылыс салудың ережелерiнде белгiленген мерзiмде жер учаскелерiн бөлу, жобаларды келiсу, техникалық шарттарды беру жөнiндегi материалдар дайындауды, құрылыс үшiн несие бөлудi, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және үйдi жайғастыру заттарын сатуды, құрылыс кезiнде қызмет көрсетудi жүзеге асыратын аудандық (қалалық) қызметтердiң жұмысына, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың мүдделерiн қорғайтын және осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да қалыпты құжаттарында көзделген қалыптардың сақталуына бақылау жасауды;

жеке тұрғын үйлердi, басқа да құрылыстарды салып, пайдалану және жер учаскелерiн пайдалану ережелерi туралы азаматтарға хабарлауды ұйымдастырып, қамтамасыз етедi.

Барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдар жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзушi өз қызметкерлерiне шарттық негiзде Қазақстан Республикасының заң құжаттарында белгiленетiн тұрғын үй алаңының әлеуметтiк қалыптары шегiнде қаржы, материалдық және өзге де қолдау жасай алады.

Ескерту. 8-бап өзгердi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  
2-бөлiм. Жеке тұрғын үй құрылысын қаржы-несие жағынан қолдау
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...19

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться