Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақпараттандыру туралы

Ақпараттандыру туралы
15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы



Ст. 15 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ



Бірыңғай байланыс орталығы:

1) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің мәселелері бойынша оларды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;

3) «электрондық үкімет» мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тәулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады;

4) ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алушыда туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру үшін операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді;

5) операторға, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратты жүйелі негізде жіберіп отырады. 
3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ