Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері

Ст. 17 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі: 

1) ақпараттандыру объектілерін меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге және пайдалануға; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес үшінші тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және оларды пайдалану шарттарын айқындауға; 

3) ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға құқылы. 

2. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі: 

1) ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 

2) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 

3) электрондық ақпараттық ресурстарға және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға; 

4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 

2-1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі сондай-ақ: 

1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыруға; 

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйелерін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына қосуды қамтамасыз етуге міндетті. 

Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйелерін қосуды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өзінің бөлімшесі жүзеге асырады немесе ол үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу арқылы жүзеге асырылады; 

3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлауға; 

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті. 

Электрондық ақпараттық ресурстың иеленушісін қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасында сақтаудағы электрондық ақпараттық ресурстың көшірмелеріне қол жеткізуге тыйым салынады. 

3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушісі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады. 

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ