Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
21-бап. "Электрондық үкіметтің" жұмыс істеуі

Ст. 21 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. "Электрондық үкіметтің" жұмыс істеу мақсаттары: 

1) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 

2) мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігін, барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару мәселелерін шешуде қоғамдық бақылауды және халықтың қатысуын қамтамасыз ету; 

3) мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын іске асыру мен оны қолдап отыруды қамтамасыз ету; 

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру; 

5) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды және оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау) болып табылады. 

2. "Электрондық үкімет" жұмыс істеген кезде: 

1) мемлекеттік органдардың қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуі; 

2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа мемлекеттік органдардың қол жеткізуі; 

3) мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру; 

4) мемлекеттік органдардың қызметінде, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық құжат айналымын пайдалану; 

5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, жинақтау және сақтау кезінде қайталануды болғызбау; 

6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі және қорғалуы қамтамасыз етіледі.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ