Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ақпараттандыру туралы
25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

1. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкес және жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту арқылы не "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік органдар әлеуетті өнім берушілерді тарту, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің техникалық-экономикалық, пайдаланушылық және өзге де сипатталымын нақтылау мақсатында қызметті жоспарланатын автоматтандыруды жария талқылауды қамтамасыз етеді. 

2. Мемлекеттік функциялар автоматтандырылу дәрежесіне қарай: 

1) толығымен автоматтандырылған; 

2) ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді. 

Құрамына кіретін процестердің барлық операциялары "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы толығымен автоматтандырылған болып табылады. 

Құрамына кіретін процестер операцияларының бір бөлігі "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде орындалатын мемлекеттік органның функциясы ішінара автоматтандырылған болып табылады. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться