Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі

Ст. 30 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілерінің жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады. 

1-1. Байланыс операторларының трафигін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосу және өткізу шарттық негізде жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосу ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары – жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін. 

4. Мемлекеттік органның электрондық поштасының сыртқы электрондық поштамен электрондық өзара іс-қимылы электрондық хабарларды "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қайта жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ