Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақпараттандыру туралы
41-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату



Ст. 41 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйе туралы мәліметтерді өзгертуге әкеп соғады.

2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы туралы шешімді мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі интеграцияланған ақпараттық жүйелердің меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын пайдаланудың тоқтатылу тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ете отырып, меншік иесі немесе иеленуші қабылдайды.

3. Мемлекеттік органның есептен шығарылатын ақпараттық жүйесінің электрондық ақпараттық ресурстары, техникалық құжаттамасы және бастапқы бағдарламалық кодтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архивке тапсырылуға жатады.

4. Мемлекеттік органның есептен шығарылатын ақпараттық жүйесінің техникалық құралдарын есептен шығару және (немесе) кәдеге жарату Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 41-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ