Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
45-бап. Ақпараттандырудың сервистік моделі

Ст. 45 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жоспарлауды, құруды немесе дамытуды, сондай-ақ оларды көрсетуді қамтиды. 

2. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру осы Заңға, ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына және ақпараттандыру туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын не Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оператор мен мемлекеттік органның арасында жасалған шартты жасасу жолымен іске асырылуы мүмкін. 

4. Тараптардың ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету (алу) кезіндегі міндеттері мен жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде белгіленеді. 

5. Егер ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында бюджеттен төленетін төлемдер және мемлекеттік қолдау шаралары көзделсе, уәкілетті орган:  

1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісуіне ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға бекітілген тапсырмаларды қоса бере отырып, іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесінің жобасын енгізеді; 

2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау жөніндегі оң қорытындысы негізінде іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді. 

Іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру және бекіту ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. 

6. Іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын республикалық бюджет жобасына енгізу үшін мыналардың:  

1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бөлігінде осы жобалардың тізбесінің жобасына бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысының;  

2) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді жобалауға арналған тапсырманың;  

3) Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы негіз болып табылады.  

7. Сервистік бағдарламалық өнімдерді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін берушілерді айқындау, ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату рәсімдері осы Заңға және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

8. Ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ шарттық қатынастар кезеңінде шарттық міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 

Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...43 44 45 45‑1 45‑2 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 45-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ