Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
46-бап. Мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету

Ст. 46 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Оператор, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің, сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелері осы тұлғаларға тиесілі объектілерде орналастырылған мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалану және оларға билік ету құқықтарын иеленбейді.  

2. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің шекті құнын есептеу уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жүзеге асырылады. 

3. Оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің сипаттамасы және олардың құны туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады. 

4. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына енгізілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер осы көрсетілетін қызметтерді алу түрі мен субъектілері бойынша сыныпталады. 

5. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу және осы көрсетілетін қызметтерді алушыларды консультациялық қолдап отыруды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган мен оператор бірыңғай байланыс орталығын тартады.  

6. Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде айқындалған тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады. 

Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...45‑2 45‑3 46 47 48 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ