Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру

Ст. 54 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды: 

1) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты – олардың меншік иелері, иеленушілері және пайдаланушылары; 

2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты – олардың меншік иелері немесе иеленушілері жүзеге асырады. 

2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері: 

1) санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбауды; 

2) егер мұндай санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды; 

3) қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарларын барынша азайтуды; 

4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына санкцияланбаған ықпал етуге жол бермеуді; 

5) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан түрлендірілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіруді; 

6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздіктің орын алған оқыс оқиғасы туралы мемлекеттік техникалық қызметке дереу хабарлауды; 

7) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, олардың қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша мемлекеттік техникалық қызметпен ақпараттық өзара іс-қимылды; 

8) мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізуі үшін оған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қолжетімділікті беруді қамтамасыз ететін шаралар қолдануға міндетті. 

3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер меншік иелерінің және иеленушілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иелерінің және иеленушілерінің қолдануы үшін міндетті. 

3-1. Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінен жүзеге асырылады.  

Бұл ретте электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінде қажетті тауарлар болмаған жағдайда, олардың аналогтарын сатып алуға рұқсат беріледі. 

4. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 54-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ