Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақпараттандыру туралы
58-бап. Бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы



Ст. 58 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

2. Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылса не ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдастарды қамтитын болса, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысын беру мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Статья 1 ...56 57 58 59 60 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 58-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ