Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ақпараттандыру туралы
59-бап. Техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырманы келісу

Ст. 59 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді уәкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады. 

Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылса не ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдастарды қамтыса, келісу мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады. 

2. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы келісуді мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалған тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүргізеді. 

Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...67

Перейти к статье






Добавить комментарий к 59-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ