Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақпараттандыру туралы

Ақпараттандыру туралы
62-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету



Ст. 62 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ



1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау және қайта даярлау үшін жағдайлар жасайды.

2. Ұйымдар, ұлттық компаниялар, олардың үлестес тұлғалары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік, техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін практика базасы ретінде әрекет етеді.

3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын ғылыми қамтамасыз ету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. 
12-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 62-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ