Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7-2 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ақпараттандыру туралы
7-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы:  

1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлерін табу, бағалау, болжамдау, оқшаулау, бейтараптандыру және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 

2) ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісіне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерін анықтау фактілері туралы дереу хабар береді; 

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне жатпайтын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады; 

4) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен және ақпараттық қауіпсіздіктің басқа да жедел орталықтарымен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады; 

5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;  

6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушілеріне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қауіпсіздіктің қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, жабдықтар мен технологиялардың осалдығы, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің іске асырылу тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың зардаптарының алдын алу мен жою әдістері туралы ақпаратты береді;  

7) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына белгілі болған, таратылуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді; 

8) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етеді; 

9) жеке өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын жасауға немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші тұлғалардан өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының көрсетілетін қызметін сатып алуға құқылы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.  

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

4. Осы баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 7‑1 7‑2 7‑3 7‑4 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться