Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ақпараттандыру туралы
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган: 

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

2) сарапшылық кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекiтеді; 

3) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекітеді; 

4-1) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органмен және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

5) операторға бекітіп берілетін "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекітеді; 

6) операторға бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 

7) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекітеді; 

11) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекітеді; 

12) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекітеді; 

13) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекітеді; 

13-1) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекітеді; 

14) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекітеді; 

15) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

16) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17) "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларын бекітеді; 

18) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекітеді; 

20) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекітеді; 

21) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 

22) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекітеді; 

23) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекітеді; 

24) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

24-1) қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

25) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

25-1) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізеді; 

26) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

27) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекiтеді; 

28) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

29) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

30) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекітеді; 

31) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

32) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

33) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

34) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

35) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды береді; 

36) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 

37) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасайды; 

38) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды; 

39) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

40) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

41) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

41-1) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

41-2) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

42) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

42-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады; 

43) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

44) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

45) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

46) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

47) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысады; 

48) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы қорытындыны береді; 

49) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды және оларға қорытындылар береді; 

50) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келіседі; 

51) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

52) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының мәліметтері мен көшірмелерін орналастыруды ұйымдастырады; 

53) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

54) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекітеді; 

55) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

56) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

57) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады; 

58) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

59) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

59-1) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 

59-2) алып тасталды – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

59-3) алып тасталды – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

60) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекітеді; 

61) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

62) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекітеді; 

63) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекітеді; 

63-1) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

63-2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді; 

63-3) алып тасталды – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

63-4) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекітеді; 

63-5) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша "ақылды" қалалар салу әдiстемесін (Қазақстан Республикасының "ақылды" қалаларының эталондық стандартын) бекiтедi; 

63-6) алып тасталды – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

64) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 7 7‑1 7‑2 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться