Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы

Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) дербес кластерлік қор (бұдан әрі – Қор) – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органы болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;

2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы – Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ;

3) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;

4) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушысының жобасы (бұдан әрі – қатысушының жобасы) – жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.

Статья 1 2 3 ...14 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ