Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
7-бап. Инновациялық кластердің қатысушылары



Ст. 7 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ



1. Инновациялық кластердің қатысушылары өз қызметін Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі айқындаған стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін жүзеге асырады.

2. Мыналар:

1) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары, оның ішінде Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерде жүзеге асыратын, ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары;

2) Басқарушы комитет айқындайтын тәртіппен инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне Қор енгізген заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады.

Қор инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне ғылыми ұйымдарды, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорларды, білім беру ұйымдарын, технологиялық парктерді, салалық конструкторлық бюроларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, ұлттық даму институттарын, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды енгізуге құқылы;

3) Қор осы тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігінде аталмаған өзге де тұлғаларды Басқарушы комитет бекіткен қатысушылар жобаларына сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізеді.

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 
3-тарау. «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...14 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ