Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
8-бап. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару



Ст. 8 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ



1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқаруды Қор жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың құрылтайшысы болып табылады. Қор өз қызметін Қор жарғысының негізінде жүзеге асырады.

2. Қордың шетелдік қызметкерлерді басшы және жоғары білімді мамандар лауазымдарына тартуы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттарды алмай жүзеге асырылады.

3. Қордың функцияларына мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органының функциялары;

2) қатысушылардың жобаларын қаржыландыру;

3) кәсіпкерлерді, кәсіпкерлер қауымдастықтарын (одақтарын) шоғырландыру;

4) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

5) қатысушылардың жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...14 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ