Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу



Ст. 11 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы   заңдарындажәне осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (ол болған жағдайда), кастодианмен және тiркеушiмен жасасқан шарттарының жобалары, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация табыс етiледi.  

3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

4. Акционерлiк инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа: 

1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;  

3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.  

5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.  

6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.  

7. Уәкiлеттi орган осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылған акционерлiк инвестициялық қорларды есепке алуды жүзеге асырады.

 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576