Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
14-бап. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу



Ст. 14 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576




1. Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлiк инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, cондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы. 

2. Акционерлiк қоғам инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында, осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар мен тәртiпте сатып алуға берiлген акцияларды сатып алуға мiндеттi. Акционерлердiң акцияларды сатып алу туралы талаптар қою құқығы осы өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгеннен кейiн тоқтатылады.

 Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576