Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату



Ст. 15 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.

Осы тармақта көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), жаңадан құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері) қоса беріледі.

3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша сотқа инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.

4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, ол соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса беріп, бұл туралы хабарлама жiбередi.

 Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
3-тарау. Инвестициялық пай қоры

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576