Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
23-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру

1. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валюта ақшасымен ғана төленуге тиiс.  

2. Инвестициялық пай қорының пайларына төленетiн ақша оларды орналастыру кезiнде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады.  

3. Бастапқы орналастыру кезеңiнде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшiн қор ережелерiнде айқындалған бiрыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады.  

4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесiнде көрсетiлген мерзiмде басталады.  

Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңi қор инвестициялық пай қоры активтерiнiң осы Заңда белгiленген ең төменгi мөлшерiне қол жеткiзген кезде аяқталады.  

5. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн қордың таза активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.  

Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмiн ұзартуға басқарушы компанияның өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның рұқсатымен бiр рет жол берiледi, бiрақ ол үш айдан аспауға тиiс.  

6. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларды сатып алуға өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.  

Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен қабылдайды және орындайды.  

Өтiнiмнiң болуы мен ақшаның түсуi пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүзеге асырылады.  

Пайларды орналастыру кезiнде пайларды пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi сатып алушының жеке шотына есепке алу мәмiлесiн тiркеу басқарушы компанияның бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады.  

7. Пайды кейiннен орналастыру бағасы, өтiнiм болған кезде, ақша түскен күннің алдындағы күннiң соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтiнiм ақша түскеннен кейiн түскен кезде пайды орналастыру бағасы өтiнiм келіп түскен күннің алдындағы күннiң соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың қағидаларында көзделген болса, үстемеақы қосылуы мүмкiн. 

8. Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тартуға:  

1) инвестициялық пай қорының ережесiнде белгiленген өтiнiмдер беру тәртiбi мен шарттары сақталмаған;  

2) уәкiлеттi органның немесе басқарушы компанияның шешiмi бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;  

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол берiледi. 

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу  

1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамында бар немесе оларды өткiзуден алынған ақша, сондай-ақ осы Заңмен белгiленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.  

2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi iшiнде пайларды сатып алуға жол берiлмейдi.  

3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтiнiмдер нысанында берiледi.  

4. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен пайлар сатып алынатын күннiң алдындағы жұмыс күнi аяқталғанға дейiн қабылдайды. Өтінім берушіге ақшаны беру (оның ішінде ақшаны ол көрсеткен шотқа аудару) пайларды сатып алған күні жүзеге асырылады.  

5. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер, егер қордың ережесiнде көзделген болса, жеңiлдiктер шегерiле отырып, пайларды сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы пайдың есептiк құны негiзге алынып айқындалған баға бойынша орындалады.  

6. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтiнiмдерi бойынша осы Заңда және осы қордың ережесiнде белгiленген құн бойынша, мерзiмдерде және уақыт кезеңдерiнде жүзеге асыруға мiндеттi.  

Аралық инвестициялық пай қорының пайларын айына бiр реттен сирек сатып алуды жүргiзген кезде пайларды сатып алуға өтiнiмдердi қабылдау кезеңi үш жұмыс күнiнен кем болмауға тиiс.  

7. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiне пайларды ұстаушылар мүддесiне нұқсан келтiретiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген жағдайда, осы қордың пайларын ұстаушылар өздерiне тиесілі пайларды көрсетiлген өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде сатып алуды талап етуге құқылы.  

8. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан:  

1) қордың ережесiнде белгiленген өтiнiм беру тәртiбi мен шарттары сақталмаған;  

2) осы Заңда көзделген тәртiппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.  

9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтарының талаптары ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) осы сатып алуды жүзеге асырған жағдайда қор бижасында оларды сатып алу арқылы сатып алуға қатысты қолданылмайды. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын кейiннен орналастыру немесе сатып алу кезiндегi үстеме ақылар мен жеңiлдiктер  

1. Инвестициялық пай қорының ережесiнде пайларды кейiннен орналастыру кезiнде олардың есептеу құнына үстеме ақылар немесе пайларды басқарушы компания сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңiлдiктер қолдану шарттары мен мөлшерлерi көзделуi мүмкiн.  

2. Жеңiлдiктiң ең жоғары мөлшерi инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының үш процентiнен аспауы керек.  

3. Инвестициялық пай қорының, оның қызметi тоқтатылған жағдайда не ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгендiктен пайларын сатып алу кезiнде пайдың есептеу құнынан жеңiлдiктер жасауға жол берiлмейдi.
Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться