Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инвестициялық қорлар туралы
40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметi



Ст. 40 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Басқарушы компания осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сенiмгерлiк басқару шартында, инвестициялық декларацияда немесе инвестициялық қордың келiсiлген ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес iс-әрекет жасау арқылы осы инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын ұстаушылардың мүддесiнде қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.  

2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы акционерлiк қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында қордың пай ұстаушыларының өкiлi болып табылады, оның дауыс беретiн акциялары осы қордың активтерiнiң құрамына кiреді.  

3. Инвестициялық қорды басқарушы компания осы Заңда, сенiмгерлiк басқару шартында немесе қордың ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастамашы болуға құқылы.  

4. Басқарушы компания қордың активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкiлi ретiнде болуға, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделерi үшiн сотқа талап-арыз беруге құқылы.  

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алмайды.  

6. Инвестициялық қордың мүлкi жетiмсiз болған жағдайда, инвестициялық қордың мүлкiне тиiсiнше басшылық жасалмауына байланысты туындаған берешектi басқарушы компанияның өз мүлкiнен ғана өндiрiп алуға болады.

 Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 40-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576