Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инвестициялық қорлар туралы
6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару



Ст. 6 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы емес.

2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлкі акционерлік инвестициялық қордың жарғысында айқындалған арақатынасында инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке бөлінеді.

Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруына берілуге тиіс.

3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкіне сенімгерлік басқару шарты қолданылатын кезеңде акционерлік инвестициялық қор сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...4-1 5 6 7 8 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576