Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
7-бап. Басқарушы компания аудитiне инвестициялық қор активтерiне қатысты қойылатын талаптар



Ст. 7 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Акционерлік инвестициялық қорға және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.

2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.

3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясының қаржылық есептілігі туралы орындаушы аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі және инвестициялық қордың инвестициялық басқаруға берілген (қабылданған) активтеріне қатысты есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы  заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

  Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576