Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
9-бап. Акционерлiк инвестициялық қорларға қойылатын талаптар



Ст. 9 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Акционерлiк инвестициялық қордың:  

1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;  

2) "алтын акция" енгiзуге;  

3) еншiлес ұйымдар құруға;  

4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорларға қолданылмайды.

Осы баптың 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.

Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы.

Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы.  

2. Акционерлiк инвестициялық қор активтерiн есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады. 

 3. Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы өзара үлестес болмауға тиіс. 

4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07.N 182 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576