Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373


Утратил силу

Инвестициялар туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиісті тізбесіне енгізілген құрамдас бөліктер;

2) жұмыс бағдарламасы – инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;

3) инвестициялар – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері;

4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

4-1) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;

5) инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау;

6) инвестициялық жоба – концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;

7) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;

8) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметi;

8-1) инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам;

9) инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;

10) инвестициялық стратегиялық жоба – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба;

10-1) инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;

11) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;

11-1) инвесторлар үшін «бір терезе» – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;

12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға;

13) мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлік;

14) миноритарлық инвестор – дауыс беретін акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвестор;

15) модельдiк келiсiмшарт – Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт;

16) технологиялық жабдық – инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться