Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялар туралы

Инвестициялар туралы
12-1-бап. Инвестициялық омбудсмен



Ст. 12-1 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373



1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен:

1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;

2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

2. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...11 12 12-1 12-2 13 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-1-бап Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373