Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялар туралы

Инвестициялар туралы
18-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылыққа кепілдік



Ст. 18-3 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373



1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;

2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.

2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.

Ескерту. Заң 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...18-1 18-2 18-3 18-4 18-5 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-3-бап Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373