Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялар туралы

Инвестициялар туралы
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлар қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi



Ст. 4 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373



1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.  

2. Инвестордың мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген-зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеткiзуге құқығы бар.  

3. Шарттарға өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.

Бұл кепiлдiктер:  

1) импорттың, өндiрiстiң, акцизделетiн тауарлар өткiзудiң тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшiне енгiзуге және (немесе) олардың өзгерiстерiне;  

2) ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтау мен имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373