Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялар туралы

Инвестициялар туралы
8-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi



Ст. 8 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373



1. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн инвестордың мүлкiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншiгiне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ерекше жағдайларда жол берiледi.  

2. Мемлекет меншiгiне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншiгiне алу туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiн шығару салдарынан оған келтiрiлген залалды толық көлемiнде өтейдi.  

3. Инвестордың мүлкiн реквизициялау оған мүлiктiң нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.

Мүлiктiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.  

4. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаға ол сот тәртiбiмен дауласуы мүмкiн.  

5. Реквизициялаудың жүргiзiлуiне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүлiктiң қайтарылуын талап етуге құқылы, бiрақ бұл ретте мүлiк құнының төмендеуiнен болған ысырапты ескере отырып, өзi алған өтем сомасын қайтаруға мiндеттi.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373