Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы

1. Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң:  

1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға;  

2) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алу мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.  

2. Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін.  

3. Ипотека шартының барлық данасында ипотека куәлiгiнiң берiлгенi туралы белгi соғылады.  

4. Ипотекалық тұрғын үй қарызы немесе оның бiр бөлiгi бойынша ипотека нысанасы болып табылатын бiр ғана жылжымайтын мүлiкке қатысты бiр ипотека куәлiгiнен артық жасауға жол берiлмейдi. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны  

1. Ипотека куәлiгiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:  

1) құжаттың атауына енгiзiлген "Ипотека куәлiгi" сөздерi;  

2) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

3) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

4) егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл берушi болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

5) ипотека шарты жасалған күн мен орны;  

6) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсету; 

7) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақысын төлеу мерзiмiн көрсету, ал егер бұл сома және немесе сыйақы бөлiнiп төленуге тиiс болса, тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және әрқайсысының мөлшерiн немесе оларды айқындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды көрсету; 

8) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;  

9) ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатынын айқындайтын құқықтың атауы;  

10) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке немесе осы мүлiктiң бiр бөлiгiне басқа да ипотека куәлiктерi бар екенiн, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша ипотека куәлiктерiн қоспағанда, бұл жылжымайтын мүлiк немесе оның бiр бөлiгi жалға берiлген бе немесе оның өзге де ауыртпалығы бар екенiн немесе жоқ екенiн көрсету;  

11) кепiл берушiнiң қойған қолы;  

12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi;  

13) ипотекалық куәлікке қосымша.  

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi.  

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу  

1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.  

Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.  

2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.  

3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.  

Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.  

Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңымен.
14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы  

1. Осы Заңда немесе ипотека шартында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ипотека куәлiгiнiң иесi оны кепiл берушiге көрсетуге мiндеттi.  

2. Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап етуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi мiндеттеменiң тиiстi бөлiгiнiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін белгiнi талап етуге құқылы. Ипотекалық куәлiк жаңа иесiне берiлген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгi мiндеттi түрде қойылады. 

3. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнде болуы не ипотека куәлiгiнде негiзгi мiндеттеменiң iшiнара орындалғаны туралы белгiнiң болмауы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, осы мiндеттеменiң немесе, тиiсiнше, оның бөлiгiнiң орындалмағанын айғақтайды.  

4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл берушiде болуы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын айғақтайды.  

5. Ипотека куәлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау осы баптың 6-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

6. Ипотека куәлiгi бойынша құқықты беру жазбасын (индоссаменттi) жасау жолымен беретiн ипотека куәлiгiнiң заңды иесi, егер мемлекеттiк тiркеуге дейiн ипотекалық куәлiкте ол "маған арналмаған айналым" деген сөздердi жазған жағдайда, ипотека куәлiгi бойынша құқықты жүзеге асырғаны үшiн жауапты болмайды. 

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу  

Ипотека куәлiгiн беру, ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны кейiннен басқа иелерiне беру ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк орналасқан жерде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк тiркеуге жатады.  

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру  

1. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру онда басқа тұлғаның пайдасына берiлгенi туралы жазба жасау және ипотека куәлiгiн осы тұлғаға беру арқылы жүзеге асырылады.  

Берiлу жазбасында ипотека куәлiгi жөнiнде құқықтар берiлетiн тұлғаның аты-жөнi (атауы) дәлме-дәл және толық көрсетiлуi тиiс. Ипотека куәлiгiндегi бланкiлiк берiлу жазбасы жарамсыз болып саналады.  

Берiлу жазбасына ипотека куәлiгiнде көрсетiлген кепiл ұстаушы, ал егер бұл жазба бастапқы болып табылмаса - алдыңғы жазбада көрсетiлген ипотека куәлiгiнiң иесi қол қоюға тиiс.  

2. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға берiлуi онымен бiрге негiзгi мiндеттемелер бойынша құқықтардың да осы тұлғаға берiлгенiн бiлдiредi.  

Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiне негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушының құқықтары мен кредитордың құқықтарын қоса, оның мазмұнынан туындайтын барлық құқықтар тиесiлi.  

3. Егер осы ипотека куәлiгiне құқықтары ондағы берiлу жазбаларының үздiксiз қатарына негiзделсе, ипотека куәлiгiнiң иесi заңды болып саналады.  

Егер ипотека куәлiгiнің берiлу жазбаларын жасаған тұлғалардың қайсыбiрiнiң иелiгiнен қолды болуы немесе осы тұлғаның еркiнен тыс басқа бiр ретпен шығып қалғаны дәлелденiп, бұл туралы ипотека куәлiгiнiң иесi оны сатып алған кезде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның иесi заңсыз болып саналады.  

4. Ипотека куәлiгiнiң басқа тұлғаларға кейiннен берiлуiне тыйым салатын ондағы жазбалар жарамсыз деп танылады.  

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру  

1. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды сот iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен қалпына келтiредi.  

2. Егер жоғалтып алған ипотека куәлiгiнде жасалған барлық берiлу жазбалары түгел анықталса, кепiл ұстаушы үшiншi тұлғаға берген ипотека куәлiгi бойынша құқықтар қалпына келтiрiлуi мүмкiн.  

3. Сот шешiмiнiң негiзiнде кепiл берушi оған "көшiрме" деген белгi соғып, ипотека куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi.
Статья 1 ...10 11 12 13 13‑1 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться