Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу



Ст. 13-1 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723



1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.

Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.  

2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.  

3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.

Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңымен.

Статья 1 ...12 13 13-1 14 15 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-1-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723