Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



Ст. 2 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723



1. Осы Заңмен мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын қолдану кезiнде туындайтын қатынастар реттеледi. Егер осы Заңмен өзге ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрiнiс тапқан кепiл туралы жалпы ережелер мүлiк ипотекасына қолданылады. Осы Заң пен басқа да заң актiлерi арасында мүлiк ипотекасын реттеу бөлiгiнде қайшылықтар туындаған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.  

2. Шартқа байланысты туындайтын ипотека туралы осы Заңның ережелерi тиiсiнше заң актiсiнiң негiзiнде туындайтын ипотекаға қолданылады.  

3. Жер учаскелерiнiң ипотекасы мен оларға құқықтардың ерекшелiктерi жер туралы заңдарда көзделуi мүмкiн.  

4. Ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия алуға, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723