Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері

Ст. 20 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Борышкер өзі жауап беретін, ипотекамен қамтамасыз етiлген міндеттемені орындамаған жағдайда, кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алу қолданылуы мүмкін. 

2. Кепiл ұстаушы өз талаптарын: 

1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу; 

2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында не ипотека шартында немесе тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы сот тәртiбінен тыс өткiзу; 

3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлмеді деп жарияланған жағдайда, кепiлге салынған мүлiктi өз меншiгiне айналдыру арқылы қанағаттандыруға құқылы. 

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...38

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723