Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау



Ст. 32 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723




1. Сенiм бiлдiрiлген тұлға, егер:  

1) сауда-саттыққа бiр ғана сатып алушы келсе;  

2) сауда-саттықта ұтқан тұлға сатып алу бағасын белгiленген мерзiмде енгiзбесе, сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялайды.  

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдаяттардың бiрi орын алса, келесi күнi сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялануға тиiс.  

3. Бiр ғана сатып алушы қатысқандықтан, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сот шешiмiмен немесе сенiм бiлдiрген тұлғамен белгiленген ағымдық бағалау құны бойынша кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге хақылы.

Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде кепiл ұстаушы кепiлге берiлген жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алуға хақылы.

Бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады. 

4. Жаңа саудаласу туралы құлақтандыру осы Заңның 28-бабына сәйкес жарияланады.

Ескерту. 32 бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.11.08. N 96, 2003.06.03. N 427 Заңдарымен.


Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723