Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру



Ст. 34 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723



Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да барлық төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:  

1) сауда-саттықты өткiзудiң негiзi;  

2) оны өткiзудiң орны мен уақыты;  

3) сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi;  

4) кепiл берушi - мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

5) сатып алушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

6) сатып алушы төлеген сатып алу бағасы;  

7) сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері).

Сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктiң сатып алынғаны туралы құжат сенiм бiлдiрiлген тұлғаның қойылған қолымен бекiтiледi.

Егер сенiм бiлдiрiлген тұлға заңды тұлға болып табылса, оның өкiлiнiң қойған қолы осы заңды тұлғаның мөрiмен расталады; егер сенiм бiлдiрiлген тұлға жеке тұлға болса, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен расталады.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723