Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 119 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
119-бап. Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беру

1. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізуге міндетті. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде жеке сот орындаушысы өндіріп алушы үшін осы соманы енгізудің кешірек мерзімін тағайындай алады. 

Егер жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған болса және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы алдын ала енгізу үшін кешірек мерзімді белгілесе, онда оны белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда ол атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруына болады. 

Егер атқарушылық іс жүргізу барысында өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізілген қаражат атқарушылық әрекеттерді одан әрі жүргізу үшін жеткіліксіз болып шықса, онда өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша көрсетілген ағымдағы шотқа қосымша соманы енгізуге міндетті. 

2. Атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті аванстық соманы енгізуден мына өндіріп алушылар: 

1) іс бойынша адамға заң көмегі тегін берілген немесе ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған, сот шешімі негізінде берілген атқарушылық құжатты орындауға өкілдік берілген жеке адамдар; 

2) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылған, қылмыстық сот ісін жүргізуде шығарылған шешім бойынша берілген атқарушылық құжатын орындау үшін ұсынған жеке тұлғалар; 

2-1) мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша мемлекеттік органдар; 

3) алименттерді өндіріп алу туралы сот актілері негізінде берілген атқарушылық құжаттар бойынша босатылады. 

3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін алдын ала енгізілген соманы, егер ол борышкерден өндіріп алынған болса, өндіріп алушыға қайтарады. 

4. Осы бапта көзделген аванс беру шарттары осы Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасында жасалатын келісім (шарт) негізінде реттеледі. 

Аванстық жарнаның мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. 

Ескерту. 119-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...117‑1 118 119 120 121 ...175

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться