Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 167 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
167-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган: 

1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды; 

1-1) жеке немесе заңды тұлғаның қаралып отырған өтініші шеңберінде жеке сот орындаушысынан қажетті ақпаратты талап етеді; 

2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; 

3) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

4) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

4-1) уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды; 

5) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді; 

7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады; 

8) осы Заңның 143-бабының 2-тармағында, 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды; 

9) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айыру туралы сотқа қуыным береді; 

10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады; 

10-1) тыйым салынған мүлікті өткізу қағидаларына сәйкес Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асырады; 

11) мыналарды: 

жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін; 

жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережені; 

жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін; 

тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібін; 

жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды; 

жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін; 

іс жүргізу қағидаларын; 

жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын; 

үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді. 

11-1) осы Заңның 140-бабында көзделген, жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысуына кедергі келтіретін шектеулерді анықтау нысанасына тексеру жүргізеді; 

11-2) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады; 

11-3) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген тұлғалар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді; 

12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ; 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...165 166 167 168 169 ...175

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться