Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 11 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

Атом энергиясын пайдалану туралы
11-бап. Радионуклидті көздердің қауіптілік санаттары

1. Радиациялық қорғануды оңтайландыру және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында радионуклидті көздер адамға қауіпті әсер туғызатын шекті белсенділікке көздің белсенділігінің қатысымен айқындалатын бес қауіптілік санатына бөлінеді: 

1) 1-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 1000-нан астам мәнге ие көздер; 

2) 2-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 10-нан 1000-ға дейінгі мәнге ие көздер; 

3) 3-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 1-ден 10-ға дейінгі мәнге ие көздер; 

4) 4-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 0,01-ден 1-ге дейінгі мәнге ие көздер; 

5) 5-санат – белсенділігі алып қою деңгейінен жоғары мәнге ие және белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 0,01-ден кем мәнге ие көздер. 

2. Әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәндерін уәкілетті орган белгілейді.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...29

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V