Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет



Ст. 10-2 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV




Азаматтық және эксперименттік авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызметке:

1) әуе кемелерін пайдалану, ұшуды жүргізу және соған дайындалу;

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;

3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;

4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету;

5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;

6) ұшуды әуеайлақпен қамтамасыз ету;

7) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету;

8) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

9) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету;

10) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау;

11) авиация персоналын дәрігерлік-ұшу сарапшылық комиссияларының куәландыруын ұйымдастыру;

12) ұшуды авариялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету;

13) азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету;

14) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар мен басқа да тұтынушыларды арнайы автокөлік құралдарымен және жабдықпен қамтамасыз ету;

15) осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көзделген, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызмет;

16) осы Заңның 105-бабының 2-тармағында көзделген авиациялық қауіпсіздік шаралары жатады.

 Ескерту. 2-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...10 10-1 10-2 11 12 ...111 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-2-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV