Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 105 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету

1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.  

Жерде және әуеде азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін акт немесе актіні жасауға әрекеттену, атап айтқанда:  

әуе кемесін заңсыз басып алу;  

пайдаланудағы әуе кемесін бұзу;  

әуе кемесінің бортында немесе әуеайлақтарда адамдарды кепілге алу;  

әуе кемесінің бортына, әуежайға (әуеайлаққа) немесе аэронавигациялық құрал немесе қызмет орналасқан жерге күшпен кіру;  

әуе кемесінің бортына немесе әуежайға қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыларды немесе материалды орналастыру;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

пайдаланудағы әуе кемесін өлімге ұшырату, елеулі жарақаттау немесе мүлікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру мақсатында пайдалану;  

ұшып келе жатқан немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі персоналдың немесе әуежайдағы жұртшылықтың немесе азаматтық авиацияның құралдары немесе қызметі орналасқан жердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жалған ақпаратты хабарлау азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі болып табылады. 

1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялар пайдаланушыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін сатып алуға, сақтауға және пайдалануға құқығы бар. 

1-2. Азаматтық авиация ұйымы авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын әзірлейді және қабылдайды, оларда Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген, заңсыз араласу актілерін болғызбау және оларға қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен рәсімдері көзделеді. 

2. Азаматтық авиацияны оның қызметiне заңсыз араласу актілерінен қорғау: 

1) әуежайдың бақыланатын аймағына, оның ішінде әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймақтарына және әуе кемесінің бортына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн болғызбау.  

Жете тексеру пунктінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның ұшатын жолаушыларына арналған аймақтар, сондай-ақ перрон, жете тексеруден өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарын қоса алғанда, багаж өңдеу аймақтары, жүк қоймалары, пошта жөнелтілімдерін өңдеу орталықтары, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан бортта тамақтандыру мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайлары кіру шектелген күзетілетін аймақ болып табылады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) бөгде адамдардың әуе кемелерiне кiрiп кету мүмкiндiгiн болғызбайтындай тұрақтардағы әуе кемелерiн күзету; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қаруларды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, радиоактивтi, уландырғыш, тез тұтанғыш және басқа да қауiптi заттар мен құралдарды заңсыз алып жүру мүмкiндiгiн болғызбау; 

4) қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi тасымалдау кезiнде олардың әуе кемелерiнің жолаушылардан оқшауланған бөлiктерiнде оқтары алынған күйде багажбен тасымалдануын қамтамасыз ететiн айрықша сақтық шараларын енгiзу; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) ерекше жағдайларда әуе кемелерiн арнайы қарап тексеру; 

6) ұшу кезiнде экипаждың қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ әуе кемесiн заңға қайшы пайдалануға жол бермейтiн техникалық құрылғылармен әуе кемелерiн жабдықтау; 

6-1) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал және басқа да объектілер орналасқан жерге заңсыз кіруді болғызбау;  

6-2) аэровокзалдар мен іргелес аумақтардың жалпы рұқсат етілген аймақтарында қауіпсіздіктің қажетті шараларымен; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-3), 6-4) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен мемлекеттік органдар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз құзыреті шегінде арнайы әзiрлеген авиация қызметiне заңсыз араласуға қарсы іс-әрекет жасау шаралары, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ететiн басқа да шаралар арқылы қамтамасыз етiледi. 

2-1. Егер әуе кемесі заңсыз араласу актісіне ұшыраса, әуе кемесінің командирі, егер әуе кемесінің бортындағы жағдай өзгені талап етпесе, Авиациялық қауiпсiздiк қағидаларына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындаған қолайлы әуеайлаққа аса қысқа мерзімде қону әрекетін жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуе кемесінің бортында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша азаматтық әуе кемелерінің экипаждарына арналған нұсқаулықтың болуын қамтамасыз етеді. 

3-1. Ұшып келуі, ұшып кетуі кезінде және тұрақта тұрған уақытында әуе кемесінің бортына бөгде адамның заңсыз кіруіне тыйым салынады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-2-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуына бақылауды және қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп жүзеге асырады. 

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғау саласындағы лауазымдық өкілеттіктер берілетін орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалады.  

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағайындалатын адамды келісуден бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтау тұрғысында азаматтық авиация ұйымдарында тексерулер, сынақтар мен шолулар жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін авиациялық қауіпсіздікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды. 

5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар мен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты рейстер орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен ішінара тексерулер және жоспардан тыс тексерулер; 

2) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қызметтік эксперименттер; 

3) әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік бойынша ішкі тексерулері; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруін ұйымдастыруды сертификаттау; 

5) авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын бақылауды жүзеге асыратын мамандарды іріктеуді жүргізу; 

6) кемшіліктерді анықтауды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтитын авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне талдау жүргізу; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақтар жүргізу;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8) авиациялық қауіпсіздік жай-күйіне шолулар жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

6. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды тексерулер олардың адамдарды, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан әуе кемелерін, азаматтық авиация объектілерін, радионавигациялық құралдарды, жабдықтарды заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету қабілетін анықтау үшін жүргізіледі. 

7. Ішінара тексерулер қатерлерді бағалау және әуежай арқылы немесе азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар жүзеге асырған тасымалдар көлемі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласында бұрын анықталған бұзушылықтар ескеріле отырып жүргізіледі. 

8. Қызметтік эксперимент жүргізу жөніндегі талаптар: 

1) қызметтік эксперимент азаматтық авиация ұйымдарының үздіксіз қызметін бұзатын заңсыз араласу актісін айнытпай көрсетуге және әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын тексеруге тиіс; 

2) қызметтік эксперимент жүргізу адамдардың өміріне және әуе кемелерінің, авиациялық техниканың және әуежайдың бақыланатын аймағындағы басқа да объектілердің қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге тиіс; 

3) қызметтік эксперимент әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға, өзге де заңды және жеке тұлғаларға материалдық залал келтірмеуге тиіс және азаматтық авиация ұйымдарының үздіксіз қызметіне әсер етпеуге тиіс; 

4) қызметтік эксперимент ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің, эксперимент жетекшісінің және әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылуға тиіс; 

5) экспериментке қатысушылардың күш қолдануын және ұстаудан және авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерінің не қызметтік экспериментке қатысатын мемлекеттік органдардың талаптарын орындаудан жалтарудың өзге де тәсілдерін қолдануын болғызбауға тиіс. 

9. Әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары ішкі аудиттерді, тексерулерді, зерттеп-қарауларды, сенімділікті тексеруді қамтитын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын бақылау жөніндегі ішкі шараларды жүзеге асырады. Шараларды іске асыруды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны ішкі бақылау бағдарламасы негізінде сапаны бақылаудың ішкі аудиторы (маманы) жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10. Авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақты және авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне шолуларды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізеді. 

Ескерту. 105-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...103 104 105 106 107 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться