Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі

1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді. 

2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы (бұдан әрі – авиация инспекторы) нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады. 

3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның тексеру жүргізу туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі, онда тексеруді жүзеге асыратын адам, тексерудің басталу мен аяқталу мерзімдері, сондай-ақ тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның деректері көрсетіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Авиация инспекторлары тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы бұйрықты және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс ету кезі тексеру жүргізудің басталуы болып саналады. 

5. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторының тексеру жүргізу үшін қажетті объектілерге және (немесе) материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы мен тексерілетін тұлға не оның уәкілетті өкілі қол қояды. 

Тексерілетін тұлға бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру жүргізу туралы бұйрықты алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. 

6. Тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. 

Тексеру нәтижелері туралы актіде: 

1) актінің жасалған күні, уақыты және орны; 

2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы; 

3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі; 

4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

5) тексерілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, ал шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тексеру жүргізілген жағдайда – барлық тексерілетін жеке немесе заңды тұлғалардың және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдардың тиісінше тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы мен деректемелері;  

6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;  

7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;  

8) тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;  

9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі. 

Тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелеріне шағым жасауға құқылы. 

Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.  

7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін тұлға оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады. 

8. Тексерілетін тұлғаның қолындағы түпнұсқа құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар жасау үшін тексерілетін тұлғаға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.  

9. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10‑1 10‑2 11 12 12‑1 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться