Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
14-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

1-1) әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге әуежайларға рұқсат беру туралы шешімдер қабылдайды;

1-2) жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекітеді;

2) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асырады;

2-1) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2-2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
2-3) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;

5) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

5-1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қолданады;

5-2) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

6) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) шет мемлекеттердің авиация биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, тәжірибе және азаматтық авиацияға қатысты ақпарат алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуді жүзеге асырады;

11) азаматтық авиация саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысады;

12) Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекітеді;

13) әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын бекітеді;

13-1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларды бекітеді;

14) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде, әуежайларда, азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекітеді;

15) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекітеді;

15-1) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекітеді;

15-2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
16) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
17) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
18) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
19) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
19-1) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді жүзеге асырады;

19-2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
20) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
21) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекітеді;

23) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшу кестесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

24) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығын бекітеді;

25) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
25-2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
25-3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

27) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
28) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
29) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекітеді;

30) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;

30-1) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
31) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
32) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
33) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
34) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
35) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
36) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
37) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
38) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
38-1) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
39) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
40) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
41) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
41-1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астана мен астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды;

41-2) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
41-3) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
41-4) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

41-5) Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не әуе кемелерінің пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге қатысады;

41-6) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу немесе олардың салдарларын азайту мақсаттарында ұсынымдар береді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;

41-7) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізеді;

41-8) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізеді;

41-9) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректерді алмасуға қатысады;

41-10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге жауапты шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтасады;

41-11) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтасады;

41-12) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;

41-13) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді;

41-14) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетігін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін әзірлейді, енгізеді, зерделейді және қолдайды;

41-15) мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпарат таратуға қатысады;

41-16) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне байланысты ақпаратты жинауды және талдауды, сондай-ақ осындай ақпаратты жасауды және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізуді жүзеге асырады. Талдау ақпарат көздерін ашуды талап етпейді;

41-17) азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-18) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-19) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекітеді;

41-20) сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларын бекітеді;

41-21) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41-22) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекітеді;

41-23) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекітеді;

41-24) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекітеді;

41-25) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;

41-26) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;

41-27) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;

41-28) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;

41-29) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41-30) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

41-31) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;

41-32) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

41-33) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

41-34) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41-35) аэроклубтар туралы үлгілік ережені бекітеді;

41-36) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

41-37) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

41-38) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекітеді;

41-39) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекітеді;

41-40) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекітеді;

41-41) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-42) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-43) Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

41-44) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-45) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді;

41-46) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуына құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару қағидаларын бекітеді;

41-47) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

41-48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;

41-49) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

41-50) авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;

41-51) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;

41-52) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;

41-53) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;

41-54) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидаларын бекітеді;

41-55) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

41-56) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;

41-57) авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;

41-58) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;

41-59) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;

41-60) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
41-61) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

41-62) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекітеді;

41-63) электрондық авиажүкқұжатының нысанын бекітеді;

41-64) әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;

41-65) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері аясында табиғи монополия салаларындағы реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;

41-66) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41-67) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
41-68) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;

41-69) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
41-70) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;

41-71) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

41-72) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекітеді;

41-73) әуежай (әуеайлақ) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

41-74) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін бекітеді;

41-75) әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекітеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
41-76), 41-77) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-78) монополияға қарсы органмен келісу бойынша инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекітеді;

42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Aлып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3. Aлып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосы өз құзыреті шегінде осы Заңның 16-6-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12‑2 13 14 15 15‑1 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться