Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15-1 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
15-1-бап. Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы құзыреті

Ескерту. 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады; 

2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларын осы салалар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу тұрғысынан талдауды жүзеге асырады және жүргізілген талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы қорытынды енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан алып тастау қажеттігі туралы қорытындыны жасайды және мұндай қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлейді, бекітеді және қолданады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессия жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

11) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштеріне мониторинг пен бағалауды жүргізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

12) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

13) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

14) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде мұндай нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда реттеуді енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

15) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15) азаматтық авиация саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

16) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

17) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілері, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайларда оларға орындалуы міндетті нұсқамалар, оның ішінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлікті иеліктен шығару туралы нұсқамалар енгізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

18) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге бастамашылық жасайды; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

19) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратады және алады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

20) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендетуге бастамашылық жасайды; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

21) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісін оңалту жоспарын келiседі; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

22) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22) өз құзыреті шегінде белгіленген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

23) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

24) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

25) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздейді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

26) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

26) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитындардан басқа, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша қабылданған шешімдермен таныстырады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

27) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

28) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28) мыналарды: 

әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын; 

шығындары әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуды бақылауды жүзеге асырады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

29) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

29) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзу жағдайлары мен кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту фактілері туралы ақпарат береді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

30) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастырады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

31) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

31) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар туралы ақпаратты олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастырады; 

32) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту.2 -тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...14 15 15‑1 15‑2 16 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться