Ст. 16 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.
2. Адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру сертификаттаудың мақсаттары болып табылады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
5. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері өтініш берушілерге танысу үшін ұсынылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкес келген және ол сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сәйкессіздіктерді жойған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) береді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұсынады;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым оны ұзартады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) кері қайтарып алады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
10. Сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тарту, егер:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?
Помогите пожалуйста
Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет
Добрый день !
Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях
Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге
Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию
Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире
Спасибо !
Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка
"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"
Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:
По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей