Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
33-бап. Пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы

Ст. 33 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
Ескерту. 33-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Пилотсыз ұшу аппараты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында және пилотсыз ұшу аппаратын пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс. 

2. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес пилотсыз ұшу аппараттарының жоспарланатын ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды. 

3. Пилотсыз ұшу аппараттарының күзетілетін объектілердің үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі. 

Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV