Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35-1 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау

1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарына сай болуға тиіс.  

Авиациялық қызмет көрсетуді берушілердің сәйкестігі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) көрсетіле отырып берумен расталады.  

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.  

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша сертификаттау талаптарынан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізіліп өтелетін болса, жол беріледі. 

2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттаудан өткізу, сертификат беру не оны тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.  

3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беруден бас тарту өтініш беруші қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі. 

4. Сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым үздіксіз аэронавигациялық қызмет көрсету мақсатында мынадай тәртіппен әрекеттер қабылдайды: 

1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;  

2) түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді; 

3) егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған күннен бастап кейінгі алты ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын кері қайтарып алады не мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады.  

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының қолданылуы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін. 

Ескерту. 3-тарау 35-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...34 35 35‑1 35‑2 36 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться